Біз Туралы

Home

Біз Туралы

DAAD Қазақстанда


15 жылдан астам уақыт бұрын Академиялық Алмасудың Германдық Қызметі (DAAD) Қазақстанда өз жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде 1 500-ден астам қазақстандық студенттер, мамандар және ғалымдар DAAD стипендиясы бойынша зерттеп, оқыды. Ондаған неміс ғалымдары мен оқытушылары қазақстандық университеттерде жұмыс істеді.

DAAD бюросы/Ақпараттық орталығы
Қазақстан-Неміс университетінде мына мекен-жай бойынша орналасқан: Пушкин көшесі, 111/113, 050010 Алматы

Тел.: 727 293 90 35
Факс: 727 293 89 23

Біз мынадай тақырыптар бойынша кеңес береміз:

  • Германияның жоғары оқу орындарында оқу
    • Германиядағы оқу туралы ақпарат
    • Жоғары оқу орындары, оқу курстары және қабылдау шарттары туралы ақпарат
  • DAAD және басқа да неміс ұйымдарының стипендиялары
    • Стипендиалды бағдарламалар туралы ақпарат
    • Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер

 

  • Германиядағы зерттеулер
    • Ғылыми жетекшіні іздеудегі көмек
    • DAAD стипендиялары және басқа мүмкіндіктер туралы ақпарат
    • Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер

Университеттерге біз неміс университеттерімен бірлескен жұмыста және DAAD стипендиясы бойынша Германияға студенттік сапарды жоспарлаған кезде көмек ұсынамыз.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – жұма: 09.00 – 18.00

Кеңесті сондай-ақ мына телефон: 727 293 90 35, немесе электронды пошта : daad@mailbox.kz бойынша алуға болады