Оқу

Home

Оқу

 

1707Германияда оқу үшін орынды негіздер

Германия өзінің тарихи қалаларымен және әр алуан ландшафтымен ғана әйгілі емес, ол сондай-ақ бүкіл әлемге танылған мәдениет және өнер орталығы болып табылады. Германия әлемнің жетекші жоғары дамыған индустриалды мемлекеттердің қатарына жатады, бұл жоғары дәрежелі университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтардың елі.

Германия - АҚШ-нан кейінгі ең ірі экспортер. Mercedes және «Siemens» фирмасының телефондары, MP3-формат, аспирин таблеткалары – осының бәрі Германияны бүкіл әлемге әйгілі еткен аз ғана жетістіктер. Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ, 2010 жылы Германиядан бір миллиард АҚШ долларынан астам сомаға өнім импортталды.

Экономикалық табыс неміс жоғары оқу орындарының және зерттеу зертханаларының жетістіктерімен тығыз байланысты. Соңғы 19 жылда 20 неміс ғалымы Нобель сыйлығын алды. Көп ғасырлық дәстүрі бар университеттер, мәселен, Хайдельберг қаласының университеті, жас әрі инновациялық жоғары оқу орындарымен және жоғары санатты алдыңғы қатарлы зерттеу орталықтарымен қатар бүкіл әлемнің студенттері мен ғалымдарына оқу және ғылыми қызмет үшін мүмкіндіктердің кең аясын ұсынады.

 

 

Шетелдік абитуриенттерге арналған ASSIST сервисі

Logo Uni Assist 2004 жылғы 1 мамырдан бастап 50-ден астам неміс жоғары оқу орны UNI-ASSIST (Германияда оқуға өтініштерді қарау бөлімшесі)

ұйымымен бірлесіп шетелдік абитуриенттердің өтініштерін қарастырады.



Германияда оқығыңыз келе ме?

Онда Сіз Германияда оқу жөнінде мынадай пайдалы ақпаратты таба аласыз: Германияда 350-ге жуық жоғары оқу орны бар.Университеттермен қатар жоғары арнайы мектептер, техникалық университеттер және басқа да жоғары мектептер бар. Жоғары мектептердің алуан түрлері туралы ақпаратты
Сіз DAAD интернет-парағынан таба аласыз:

www.daad.de/deutschland/ru/2.1.1.html

www.study-in.de

Неміс жоғары оқу орындарындағы оқу туралы толық ақпарат:

www.hochschulkompass.de

Германиядағы өмір және оқу туралы барлық ақпарат:

www.campus-germany.de/german

DAAD өз парақтарында алуан жоғары оқу орны және оқыту курстары туралы ақпаратты ұсынады:

www.daad.de/deutschland/ru/2.2.3.1.html

www.daad.de/deutschland/ru/2.2.3.2.html

www.daad.de/deutschland/ru/2.2.4.html

Германияға студенттік виза туралы барлық сұрақтарға Сізге ГФР Елшілігі жауап береді:

www.astana.diplo.de

www.almaty.diplo.de