Стипендиялар
Стипендиялар
«Болашақ» стипендиалды бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Германияның жоғары оқу орындарында оқу үшін стипендиялар бөледі. Жан-жақты ақпарат: www.bolashak.gov.kz.
2015 / 2016 стипендиалды бағдарламалар
I. Студенттерге арналған программалар
- Жазғы жоғары оқу орындары курстары стипендиясы
- Студенттық топтарға арналған таныстыру сапары
- Неміс тілін тереңдетіп оқтатын мектеп бітірішулерге арналған DAAD/PASH программасы
II. Университет бітірушілерге арналған программалар
- Экономикалық мамандықтардың түлектеріне дипломнан кейін оқуға арналған ERP-стипендиялар
- Дамушы елдердегі мамандарға арналған магистратура бағдарламасы
- Архитектрлармен және шығармашылықмамандықтарға арналған дипломнан кейінгі оқү стипендиясы
- Жас зерттеушілерге арналған ғылыми жұмыс стипендиялары( қысқа мерзімге бағытталған ғылыми зерттеулер және PhD)
- Сендвич стипедиясы (PhD)
III. Ғалымдарға арналған программалар
жалпы нүсқаулар және конкурстық негізге қабылдау
Басқа да стипендиалды бағдарламалар
Theodor-Heuss-Kolleg:
Роберт Бош қорының Theodor-Heuss-Kolleg Орталық және Шығыс Еуропаның 24 елдерінің жастарына қолдау көрсетеді. Жыл сайын жобалардың идеяларын және мәдениаралық тәжірибені дамытуға жәрдемдесетін қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған семинарларға қатысу үшін 100 стипендия бөлінеді: www.theodor-heuss-kolleg.de.
Болашақ Қорының Берлиндік стипендиялары:
Берлин қ. Гумбольдт атындағы университеті "Жады және Болашақ" қорының қаражатынан тұрақты түрде стипендиялар бөледі. Стипендиялар бұрынғы Кеңес Одағы, Орталық және Шығыс Еуропа, Израиль және АҚШ елдерінен барлық мамандықтардың студенттеріне арналған. Германияға бұрын айдалып кеткен қызметкерлердің және нацистік режимнің басқа да құрбандарының туысқандарына ерекше назар аударылады. Стипендиаттар Берлин қ. жоғары оқу орындарында әр алуан оқу іс-шараларына қатыса отырып, оқудағы өз жоспарларын іске асыруына мүмкіндік алады. Бұдан басқа стипендиаттар жобалардың бірі бойынша бірлесе жұмыс істейді: www.hu-berlin.de/aia/stud_ausl/evz.htm.
Қалалық жиналыстың Оқу қоры:
Қалалық жиналыстың Оқу қоры - Берлин мәселелерімен және осымен байланысты неміс-халықаралық зерттеулерімен айналысатын немесе Берлин қ. зерттеу орталықтарында жұмыс істегісі келетін АҚШ, Ұлыбритания, Франция және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің жас ғалымдарына арналған стипендиалды бағдарлама. Үміткерлердің бакалавр дипломы, зерттеулерге арналған негізделген өтініші болуы және неміс тілін жақсы меңгеруі тиіс. Кейінгі ақпарат осында.
Studienkolleg Берлин:
«Неміс халқының оқу қоры» және Херти Қоры Studienkolleg Берлин бірлесіп туған елінде болашақта басшылық қызмет атқаратын жастарға «еуропалық ойлауды» күшейту үшін стипендиялар бөледі. Жыл сайын Еуропадан Берлинге барлық мамандықтардың 40-қа жуық студенттері бір жылға шақыртылады. Берлиннің бір жоғары оқу орнында және Потсдам қ. университетінде тұрақты түрде оқумен қатар еуропалық тақырыптарға семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Жыл ортасында Еуропаны біріктірудің көкейкесті мәселелері жөніндегі жоба бойынша жұмыс жүргізіледі. Жобаның негізгі тақырыптары - Еуропаның саясаты, тарихы мен мәдениеті саласынан: www.studienstiftung.de/offen/studienkollegzuberlin.html.