DAAD бүкіл әлем бойынша

Home

DAAD бүкіл әлем бойынша


DAAD - неміс жоғары оқу орындарының ұйымы, Германияның 234 жоғары оқу орны және 124 студенттік ұйым оның мүшелері болып табылады.


DAAD сыртқы мәдени саясат саласында, сондай-ақ жоғары білім, ғылым және даму саласында делдал ұйым болып табылады. Сонымен қатар DAAD Еуропалық Одақтың бағдарламалары бойынша ұлттық агенттік болып табылады.


 

DAAD міндеттері keyvis-2-vorlage

  • Болашақта ғылым мен саясатта басшылық күш болатын, Германияның әріптестері әрі достарына айналатын шет елдегі таңдаулы жас ғалымдарға жәрдемдесу.

  • Халықаралық және мәдениаралық тәжірибе аясында ғылым мен мәдениетте, экономика мен саясатта болашақ басшылық күштерді қалыптастыру мақсатында Германияның жас ғалымдарына жәрдемдесу.

  • Германия бүкіл әлем ғалымдарының жас буынына басты мекен-жай болып қалуы үшін неміс жоғары оқу орындарының интернационалдығын қолдау.

  • Германистика және неміс тілінің дамуына ықпал ету, оған қатынас және мәдениетттің маңызды тілі ретіндегі неміс тілінің мәнін нығайту, сондай-ақ Германия туралы білімін және оның мәдени мұрасына қызығушылықты тереңдету мақсатында шет елдегі іріктелген университеттердегі әдебиет және елтану жатады.

  • Экономика мен демократиядағы реформалау процесіне жәрдемдесу үшін дамушы елдерде және Орталық әрі Шығыс Еуропаның өтпелі кезеңі елдерінде ғылыми прогресті қолдау.

200-ден астам бағдарлама тең дәрежеде шетелдік, сол сияқты неміс азаматтарына пайдалы бола алатын барлық елдердің барлық бағыттағы өкілдеріне ашық.

Дербес стипендиялар беру, сондай-ақ 85 жылдан астам институционалдық деңгейде ынтымақтастықты қолдау арқылы DAAD Германияның ғылыми және білім беру ландшафтын әлемдік ғылыми бірлестікпен байланыстыратын ғылыми инфрақұрылымды қалыптастырады. 1925 жылдан бастап DAAD бүкіл әлемнен миллионнан астам өкілге жәрдем жасады. Тек өткен жылы ғана DAAD гранттарын алған студенттер мен ғалымдардың саны 74 000 адам болды, оған Еуропалық Одақтың 32 226 азаматы енді.

Дербес жәрдемдесумен қатар жоғары білім саласындағы құрылымды жақсартуға бағытталған жобаларға жәрдемдесу соңғы жылдары айрықша мәнге ие болуда. Халықаралық аренадағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты бұл шаралар ғылымды, атап айтқанда Германияның жоғары оқу орындарын интернационалды етуге бағытталған. Сонымен қатар зерттеулер мен оқудың сапасын жақсартуға, сондай-ақ екі жақты және көп жақты ынтымақтастық бағдарламаларын өткізуге жәрдем жасалуда.

DAAD негізінен федералдық бюджеттен қаржыландырылады, атап айтқанда Сыртқы істер министрлігінің (45%), ғылым және зерттеулер жөніндегі Федералдық Министрліктің (26%), сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі Федералдық Министрліктің (9%) бюджетінен қаржыландырылады. Жоғары оқу орындарының 600-ден астам оқытушысы стипендиаттар мен жобаларды іріктеу жөніндегі 100-нен астам комиссияның мүшесі болып табылады және сапасы мен қол жеткізілген нәтижелер бойынша ізденушілердің құжаттарына баға береді.

DAAD қызметі жөнінде барынша толық ақпаратты www.daad.de сайтынан алуға болады.