Біз Туралы

Home

ONLINE ӨТІНІМ ЖАСАУ

ONLINE ӨТІНІМ ЖАСАУ

Толтыру бойынша ақпарат пен ұсыныстар

 

Бағдарламалар

  1. Барлық мамандықтардың аспиранттарына арналған зерттеу стипендиялары
  2. Өнер мен музыканы зерттеушілерге арналған стипендиялар
  3. Барлық мамандықтарға арналған магистратура бағдарламалары
  4. Экономика мамандықтары түлектерін дипломнан кейінгі оқытуға арналған ERP-стипендиялар
  5. Германистиканы зерттеушілерге арналған семестрлік стипендиялар

 

2007 жылдан бастап стипендиалдық бағдарламаларға өтінім электронды бланк көмегімен толтырылады. Бланкіні online толтыру ONLINE BEWERBUNG деген белгісі бар бағдарламалар үшін міндетті болып саналады. Электронды бланктің құрылымы бұрын қолданылған өтінімнің  әмбебап бланкі (жасыл формуляр) құрылымы тәрізді.

Берілген беттің төменгі бөлігінен стипендияға қатысты Сіздің құжаттарыңызбен әрі қарай жұмыс істеу үшін қажетті жеке мәліметтерді Сіз енгізуге тиіс өтінімнің электронды бланкісіне тура сілтемені табасыз.

Ізденуші ұсынатын құжаттар тізімі әрбір стипендиалды бағдарламаның сипаттамасында бар. Орыс тіліндегі электронды бланкті толтыру бойынша бірізді нұсқаулықты осы жерден жүктеме жасауға болады:

Біз Сізге жұмысты бастар алдында нұсқаулықты басып шығарып, мұқият оқып және бланкіні толтыру мезетінде оны қасыңызда ұстауды ұсынамыз.

Электронды бланкті толтырмас бұрын ақпараттардың сәйкес көздерінен (www.daad.kz, www.daad.de) немесе DAAD қызметкерлерінің ұсыныстарынан берілген стипендиалды бағдарламаның Сіздің Германиядағы оқу мақсатыңызға жауап бере алатынына және оған қатысу үшін Сіздің біліктілігіңіздің барынша сәйкестігіне көз жеткізіңіз.

Сізге сәйкес стипендиалды бағдарламамен байланысты барлық сұрақтар мен барлық қажетті құжаттар жиынтығын анықтаған соң ғана электронды бланкті толтыруды бастаңыз.

Электронды мәліметтерді сақтау электронды бланкті толықтай толтырғанда ғана мүмкін болатынына назар аударыңыз. Бұл ақпаратты артынан енгізу үшін толық толтырылмаған бланкті сақтауға болмайды дегенді білдіреді. Егер бір сағаттың ішінде бланкке мәліметтер енгізілмесе жұмыс сеансы автоматты түрде тоқтатылады! Сондықтан біз Сізге бланкті толтырмас бұрын әмбебап бланктің барлық сұрақтарын мұқият қарап және оған жауап беруге қажетті құжаттарды жинауды ұсынамыз (мысалы, өмірбаян, аттестаттар, университеттің шақыруы, т.б.).

Өтінімнің толтырылған электронды бланкін Сіз PDF форматында (құжат қажетті сілтемені басқан сәтте автоматты түрде генерацияланады) сақтауыңыз қажет, басып шығарып, фотосурет жабыстырып, қол қойып және қалған қажетті құжаттармен бірге қажетті данамен біздің пошталық мекенжайымызға жіберуіңіз қажет.

ҚР ГФР Бас Консульствосы, DAAD

Иванилов көшесі, 2

050059 Алматы

Құжаттар жиынтығын Бонн қаласындағы DAAD Орталық өкілдігі мекенжайына жіберуге рұқсат етілмейді.

Электронды нұсқасын басып шығару үшін Сізге компьютерде Acrobat Reader 6.0 (немесе жоғары) бағдарламасын орнату қажет. Егер Сізде бұл бағдарлама орнатылмаған болса онда оны осында алуға және нұсқаны толтырмас бұрын өзіңізге орнатуға болады.

 

Сіздің мәліметтеріңізді сақтау мен талдау немістің «Мәліметтерді қорғау туралы Заңына» сәйкес жүргізіледі. («Bundesdatenschutzgesetz»).

Сіз дайынсыз ба?

Онда нұсқаны толтырып бастау үшін сілтеме бойынша басыңыз:

· «weiter» неміс тіліндегі өтінімді толтыру үшін

·   «continue» ағылшын тіліндегі өтінімді толтыру үшін