Стипендиялар

Home

Стипендиалар

2008/2009 оқу жылына арналған
"Дамушы елдерге арналған магистратура"
стипендиалды бағдарламасы

1. Бағдарламаның мақсаты

Германиядағы университеттің бірінде магистратурада бір-екі жылдық оқу шеңберінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар басшы қызметкерлер және мамандар үшін біліктілікті мақсатты түрде арттыру. Магистратуралардың тізімі

2. Конкурсқа қатысу шарттары

  • Аяқталған жоғары білім (диплом/бакалавр)

  • Жұмыс тәжірибесі: ең азы 2 жыл

  • Жасы: 36 жасқа дейін (конкурс сәтінде).

Ерекшелік: докторлық диссертацияны қорғауға арналған бағдарлама және "Халықаралық маркетинг" магистратурасы (арнайы жоғары мектеп Ройтлинген қаласы ), 32 жасқа дейін

3. Шет тілін білу

Ағылшын тілін жақсы меңгеру (TOEFL 550), сондай-ақ неміс тілін білу құптарлық. Неміс тілін жете меңгермеген стипендиаттар оқыту басталғанға дейін қосымша тілдік курстардан өтеді.

4. Формулярлар және құжаттарды қабылдау

Өтінішті беру үшін жасыл формуляр толтырылады (Antrag auf ein Forschungs- oder Studienstipendium), оны осында алуға болады.

Құжаттарды ГФР Елшілігіне немесе тікелей DAAD бюросына Алматы қ. 31 тамызға дейін беруге болады. Сонымен қатар тікелей неміс университетіне 2007 жылғы 15 қазанға дейін құжаттарды беруге болады.

5. Стипендия мөлшері

Ай сайынғы стипендия мөлшері 715 еуроны құрайды, қосымша жолына ақы төлеу және медициналық сақтандыру қағазына жарнаның бір бөлігі.

Кеңесті DAAD бюросынан мына мекен-жай бойынша алуға болады:
Қазақстан-Неміс университеті, Пушкин көшесі, 111/113, 050010 Алматы
Байланыс телефоны: 3272-93 90 35


E-Mail: daad@mailbox.kz