Стипендиялар

Home

DSD МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СТИПЕНДИАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Бағдарлама мақсаты:

Стипендия (DSD C1) тілдік дипломы бар мектеп түлектеріне арналған.

Стипендия:

германиялық университетте оқуды жалғастыру мақсатымен жоғары оқу орындарының дайындық курстарында (Studienkolleg) оқу

германиялық университетте оқу (бакалавр, маманның дипломы) үшін беріледі.

Стипендияда:

Ай сайынғы:

  • сонда тұру

  • көлік шығындары

  • медициналық сақтандыру

төлемдері қарастырылған.

Мамандықтар:

барлығы

Стипендияға кім үміткер бола алады:

 

Studienkolleg оқу:

  • 2009 жылы мектеп бітіретін DSD C1 дипломы бар түлектер

  • 2008 жылы мектеп бітірген DSD C1 дипломы бар түлектер, қазақстандық университетте 2009/2010 оқу жылының басталуына дейін 2 семестр үздік оқығандар

Германиялық университетте оқу:

  • DSD C1 дипломы бар, мектепті 2007 немесе 2006 жылы бітірген түлектер, 2009 жылы Германияда Studienkollegті Feststellpüfung сертификатымен бітіретіндер

  • DSD C1 дипломы бар, мектепті 2007 немесе 2006 жылы бітірген түлектер, қазақстандық университетте 4 немесе 6 семестр үздік оқығандар

Қосымша талаптар:

TestAS

Стипендияға үміткер бола алмайды:

  • егер үміткер Қазақстанда DSD-мектепте оқып, бірақ DSD C1 дипломын алмаған болса

  • егер үміткер германиялық университетте оқып жатқан немесе бітірген болса

  • егер үміткер германиялық жоғары оқу орнында ағылшын тіліне басымдық берілген курста (неміс тілі 50% төмен) оқуды жоспарлаған болса

Қажетті құжаттар 2 данамен беріледі:

  • фотосурет түпнұсқасы және қол қойылған өтініш (online толтырылады) (үлгісі осында)

  • өмірбаян (кесте түрінде)

  • германиялық жоғары оқу орнында оқу курсын таңдау негіздемесі

  • оқу курсының атауы, үміткерлерге қойылатын талаптар, оқу ұзақтығы, оқыту тілі және т.б. көрсетілген университет сайтынан көшірілген ақпарат

  • DSD C1 сертификатының көшірмесі

  • неміс немесе ағылшын тіліне куәландырылған аудармасы бар мектеп аттестатының куәландырылған көшірмесі

  • TestAS сертификаты (неміс тіліндегі нұсқасы)

  • TestDaF сертификаты (тек қана 2006 немесе 2007 түлектеріне арналған)

  • DSD-мектебінің неміс оқытушысы немесе шетелдегі неміс мектептерінің қызметі бойынша Неміс бюросының аймақтық координаторының ұсынымхаты (қолда болса,  үлгісі осында)

  • Германиялық Studienkolleg ұсынымхаты (қолда болса, үлгісі осында)

  • тәжірибеден өткенін растау құжаты (қолда бар болса)

  • басқа да тілдік сертификаттар (неміс немесе ағылшын тілі, қолда бар болса)

Ескерту 1:
TestAS тапсыру шығындарын DAAD өтейді
Тест өткізу мерзімі – 28 наурыз 2009 жыл

Тестке тіркеу – 2009 жылдың 5 қаңтарынан 20 ақпанына дейін.
Тестің өткізілетін орны – Қазақстан-Неміс университеті (Алматы), Гёте-Институттың тіл орталығы (Қарағанды)

 

Ескерту 2:
TestDaF тапсыру шығындарын DAAD өтейді,
тест өткізу мерзімі – 12 ақпан 2009.

·

Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес талап етіледі:

  • қазақстандық университеттің сынақ кітапшасынан үзінді көшірме

  • немесе / сонымен қатар германиялық Studienkolleg-ке оқуға қабылдауды растау

  • немесе / сонымен қатар 2009 / 2010 қысқы семестрінің қабылдау талаптарына сәйкестігі туралы германиялық университеттің жазбаша растауы

Құжаттарды тапсыру:

Қос жиынтық папкаларсыз немесе файлдарсыз, қыстырмалар немесе степлермен қыстырылмай (нотариалды куәландырылып қыстырылған көшірмелер мен аудармалардан

басқа) көрсетілген ретпен берілуі керек. Бірінші құжаттар жиынтығы – түпнұсқа, екінші жиынтық біріншінің көшірмесі болуы мүмкін.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 13 наурыз 2009

ZfA бағдарламасының жетекшілері үшін Боннға тапсырыс беру мерзімі – 3 сәуір 2009.

Конкурстық іріктеу:

Өз бетімен құжат тапсыратын үміткерлер өтініштерін DAAD аймақтық өкілдігіне жібереді: 050059 Алматы, Иванилов көшесі 2, ГФР Бас консульствосы, мәдениет бөлімі, DAAD

үшін.

Содан кейін үміткерлер Алматыдағы DAAD аймақтық өкілдігіне сөйлесуге шақырылады. Басқа қалалардан келген үміткерлерге жол шығындары төленеді.

Қорытынды іріктеуді университеттер оқытушыларынан құралған Бонн қаласындағы комиссия өткізеді. Іріктеудің шешуші шарттары:

  • үміткердің жеке және кәсіби қасиеттері

  • мектепте / қазақстандық университетте үздік оқуы

  • неміс тілін жақсы білуі

  • TestAS пен TestDaF нәтижелері

Стипендия бойынша ақпарат:

Алматыдағы DAAD ақпараттық бюросы

daad@mailbox.kz

+7 727 293 90 35

Пушкин көшесі 111/113