Стипендиялар

Home

Жазғы жоғары оқу орындары курстары стипендиясы

 

Бұл стипендия неміс жоғары оқу орындарында ұсынылатын тілдік не елтану курстарына қатысу үшін беріледі.

Ұзақтығы: жазғы айларда үш-төрт апта (шілде-қыркүйек 2012ж.)

Конкурсқа қатысу шарттары:

  • Оқытудың 3-курсы. 5 жылдық оқыту түрінде 4-курста конкурсқа қатысуға, 1 курс магистр. мүмкіндік бар.

  • Неміс тілін өте жақсы білуі.

  • Неміс тілін/германистиканы зертемейтін үміткерлер үшін мамандық бойынша өте жақсы білім көрсеткіштері.

  • Стипендияға үміткерлер неміс жоғары оқу орнында курс таңдауы тиіс. Курс таңдауда ДААД стипендиясы тек белгілі бір соманы ғана жабатындығынан (200 еуро шамасында) оған қатысу бағасына назар аудару қажет. Егер Сізді қызықтыратын курс ДААД стипендиясынан көбірек болса, онда Сіз өзбетіңізше қосымша ақы төлеп, қатыса аласыз.

Курсты іздеу ДААД бюросынан алуға болатын «Sommerkurse in der Bundesrepublik Deutschland» кітапшасын қолдануға болады немесе осыннан ала аласыз.

Неміс жоғары оқу орындарының жазғы курстары туралы ақпаратты іздестіру жүйесін қолданып, ДААД сайтынан табуға болады.

Тапсырыс бланкісінде «Sonstige Bemerkungen bzw. Wünsche» деген жолда таңдалған 3 курсты, бірінші орында артықшылыққа ие курсты көрсету керек.

Курсты таңдағанда оған қатысу бағасына назар аудару қажет, өйткені ДААД стипендиясы тек белгілі бір соманы жабады. Егер Сізді қызықтыратын курс ДААД стипендиясынан жоғары болса, Сіз оған өзіңіз қосымша ақы төлеп қатыса аласыз.

Германист-студенттерді конкурс бойынша іріктеу тәртібі:

Германист-студенттер тілдік тесттен өтеді және Қазақстанның жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін ДААД дәріс оқушыларының қатысуымен шығарма жазады. Тесттің өткізілу орны мен мірзімін 2008ж. қыркүйегінде Алматыдағы ДААД бюросынан біле аласыз. Шығармалардың нәтижелері бойынша Сізге қажетті құжаттарды (тізімді қараңыз) толтыру және оларды 2010ж. 31 қазанына дейін ДААД бюросына жіберу ұсынылады.

Сіз тестен өту үшін сауалнама толтырып және оны ДААД бюросының электрондық мекенжайына жібере отырып, алдын-ала тіркеле аласыз.

Басқа мамандықтардағы студенттер үшін конкурстық іріктеу тәртібі:

Басқа мамандықтардағы студенттер төмендегі тақырыптардың біріне шығарма жазады:

  • Internationale Beziehungen / Jura: Erläutern Sie die Herausforderungen und Chancen für Kasachstan, die mit dem OSZE-Vorsitz im Jahr 2010 verbunden sind.
    Wirtschaft: Erläutern Sie bitte die Entwicklung des kleinen und mittleren Unternehmertums (KMU) in Kasachstan. Welche Rolle spielt dieser Sektor im Bereich der Diversivizierung der Wirtschaft und worin bestehen hauptsächlich die Probleme in diesem Sektor?
    Psychologie / Soziologie: Drogenkonsum an kasachstanischen Schulen und Universitäten: Wie hat sich der Drogenkonsum seit der Unabhängigkeit Kasachstans entwickelt? Welche Gründe gibt es dafür? Mit welchen Maßnahmen könnte man dem Problem begegnen?
    Medizin / Biologie: Der Aralsee: Welche Konsequenzen hat der fallende Wasserspiegel des Aralsees für Menschen und Tiere? Welche Maßnahmen werden derzeit getroffen, um die Probleme zu begrenzen?
    Physik / Ingenieurwissenschaften: Welche Erfindung der letzten 100 Jahre hat Ihrer Meinung nach unser Leben am tiefst greifenden verändert? Erläutern Sie die Erfindung und begründen Sie Ihre Meinung.

Егер Сіз мұнда өз мамандығыңыз бойынша тақырып таппасаңыз, бізге хат жазыңыз.

Шығарма стипендияға қажетті құжаттармен бірге (тізімді қараңыз) 2012ж. 31 қазанына дейін Алматыдағы ДААД бюросының мекенжайына жіберіледі.

Қажетті құжаттар бір данамен ұсынылады:

Өтініш жиынтығы (б»р данада) келесі тәртіп бойынша салынған төменде көрсетілген құжаттардан тұруы тиіс:

  1. фотосуреті бар өтініш (online толтырылады);

  2. өмірбаян (кесте түрінде);

  3. жазғы курсқа қатысу қажеттілігін толық талдап негіздеу;

  4. мамандық бойынша профессордың ұсынымхаты;

  5. аударылған және куәландырылған сынақ кітапшасының көшірмесі немесе куәландырылған аудармасы бар сынақ кітапшасынан үзінді көшірме;

Құжаттарды қарау қорытындысы электрондық пошта арқылы 2012 жылдың мамырында хабарланады.   Жазбаша хабарламаны күтуіңізді өтінеміз.

Тапсырыста міндетті түрде неміс жоғары оқу орнының таңдалған курсы көрсетілуі тиіс.

Құжаттардың әрбір данасы көрсетілген тәртіппен берілуі тиіс. Құжаттар жиынтығының үстінде түпнұсқалар данасы жатуы тиіс (өтініштің қол қойылған формуляры, түпнұсқалық мөрлермен расталған көшірмелер, түпнұсқалық мөрлермен расталған аудармалар. Екінші және үшінші даналар көшірме түрінде болуы мүмкін.

Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінде өтініштер көп көшірілетіндіктен құжаттар жиынтығы папкаларсыз және файлдарсыз, қыстырмалар мен степлермен бекітілмей (нотариалды расталып, бекітілген көшірмелер мен аудармалардан басқа) ұсынылуы тиіс.

Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қарастырылмайды.

Қазір жұмыс істеп тұрған электрондық пошта мекенжайы көрсетілмеген тапсырыстар қарастырылмайды және тек жеке пошта жәшігінің мекенжайын көрсету қажет!