Стипендиялар

Home

Барлық мамандарға арналған магистратура бағдарламасы

Ұзақтығы:

  • Магистратураның1-2 жылдық бағдарламасы (1 жылдық бағдарламаларға басымдық беріледі)
  • Стипендия 2011 жылдың қысқы семестрінен бастап күшіне енеді.
  • Конкурсқа қатысу шарттары:
  • Бағдарлама қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектеріне, сондай-ақ 28 жасқа дейінгі бакалаврлар мен мамандарға арналған. Сонымен бірге конкурсқа соңғы курс студенттері де қатыса алады.
  • Конкурсқа қатысудың негізінде неміс жоғары оқу орнымен байланыс пен магистратураның таңдалып алынған бағдарламасына (оның ішінде ағылшын тілінде) үміткерді қабылдауға келісімі.


Неміс жоғары оқу орнындағы магистратураның өзіңізді қызықтыратын бағдарламасын іздеу үшін мынадай ақпараттық көздерді пайдалануға болады:

http://www.hochschulkompass.de

www.study-in.de


International Programmes in Germany – неміс тілінде


International Programmes in Germany – ағылшын тілінде

Сіз сондай–ақ Алматы қаласындағы DAAD өкілдігінен ақпараттық қағаздарды ала аласыз.



Қажетті құжаттар үш данада болуы тиіс:

  1. фотосуреті бар өтініш;
  2. Studiengangsinfo;
  3. өмірбаян (кесте түрінде)
  4. негіздеме (мамандыққа негізделген)
  5. неміс жоғары оқу орнының аталмыш магистратураға үміткерді қабылдау туралы келісімі;
  6. мамандығы бойынша қазақстандық оқытушылардың (ғылым кандидаты) екі ұсынымы хаты;
  7. орта білімі туралы аттестаттың расталған көшірмесі мен расталған аудармасы;
  8. диплом немесе сынақ кітапшасының расталған аудармасы мен расталған көшірмесі;
  9. тәжірибеден өткені туралы дәлелдеме (егер болған болса)
  10. егер бар болса тіл білуі (неміс не ағылшын) туралы құжат.

Құжаттардың әрбір данасы көрсетілген тәртіппен берілуі тиіс. Құжаттар жиынтығының үстінде түпнұсқалар данасы жатуы тиіс (өтініштің қол қойылған формуляры, түпнұсқалық мөрлермен расталған көшірмелер, түпнұсқалық мөрлермен расталған аудармалар. Екінші және үшінші даналар көшірмелер болуы мүмкін.

Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінде өтініштер көп көшірілетіндіктен құжаттар жиынтығы папкаларсыз және файлдарсыз, қыстырмалар мен степлермен қыстырылмай (нотариалды расталып, қыстырылған көшірмелер мен аудармалардан басқа) ұсынылуы тиіс.

Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қарастырылмайды.