Стипендиялар

Home

Экономикалық мамандықтардың түлектеріне дипломнан кейін оқуға арналған ERP-стипендиялар

Ұзақтығы:

  • 2 жыл (2011 жылдың тамызынан не қыркүйегінен бастап)

  • бұл стипендиялар экономикалық мамандық бітірушілеріне төмендегі бағдарламалар бойынша магистратурада оқуға мүмкіндік береді.

  • Стипендия 1 академиялық жылға беріледі, әрі қарай жетістіктеріне сәйкес тағы 1 жылға ұзартылады.

Байқауға қатысу шарттары:

  • ERP-бағдарламасы бойынша оқыту басталған сәтке дейін аяқталған экономикалық білімі (бакалавр, дипломы бар маман) болуы;

  • бағдарламаға қатысуын кәсіби және жеке дәлелдерге негіздей отырып баяндауы;

  • неміс не ағылшын тілдерін жақсы білуі, тілдік дипломдармен расталуы

  • неміс тілі – Test-DaF Stufe 4 немесе салыстырмалы түрде деңгейі сәйкес басқа емтихан;

  • ағылшын тілі – университеттің тілдік талаптарына сәйкес;

  • жасы 32-ге дейін.

Құжат тапсырған сәтке дейін Германияда 1 жылдан астам уақыт тұрған стипендиядан үміткерлер бағдарламаға қатыса алмайды.

Қажетті құжаттар үш данамен ұсынылуы тиіс:

  1. фотосуреті бар өтініш (online толтырылады);

  2. кесте түріндегі толық өмірбаяны;

  3. бағдарламаға қатысу қалауының негіздемесі;

  4. мамандық бойынша 2 оқытушының (ғылым кандидаты), университеттің ресми бланкісіне жазылған, неміс не ағылшын тілдеріндегі аудармасымен 1 ұсынымхаты;

  5. неміс тіліндегі расталған аудармасымен кәмелеттік аттестатының расталған көшірмесі;

  6. неміс тіліндегі расталған аудармасымен сынақ кітапшасының көшірмесі немесе неміс тіліндегі расталған аудармасымен (бакалавриат) білімі туралы дипломының расталған көшірмесі;

  7. неміс не ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат:

  8. неміс тілі: Test-DaF тілдік дипломы, TDN 3, 4 не 5 (кем дегенде 14 балл), немесе PNDS, DSN, ZOP/ZMP

  9. ағылшын тілі: TOEFL 213 (СР) не 550 (РВ), IELTS 6.0 немесе деңгейі сәйкес келетін емтихан;

  10. жұмыс тәжірибесінің сипаттамасы (егер болса);

  11. жарияланымдарының тізімі (егер болса).

Құжаттардың әрбір данасы көрсетілген тәртіппен берілуі тиіс. Құжаттар жиынтығының үстінде түпнұсқалар данасы жатуы тиіс (өтініштің қол қойылған формуляры, түпнұсқалық мөрлермен расталған көшірмелер, түпнұсқалық мөрлермен расталған аудармалар. Екінші және үшінші даналар көшірме түрінде болуы мүмкін.

Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінде өтініштер көп көшірілетіндіктен құжаттар жиынтығы папкаларсыз және файлдарсыз, қыстырмалар мен степлермен бекітілмей (нотариалды расталып, бекітілген көшірмелер мен аудармалардан басқа) ұсынылуы тиіс.

Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қарастырылмайды.