Стипендиялар

Home

Дамушы елдердегі мамандарға арналған магистратура бағдарламасы

Бұл бағдарлама қоғамдық денсаулық сақтау, экономика, экология және т.б. салалардағы дамушы елдердің мамандарына және басшыларына есептелген. Қосымша оқыту курстары Германияның жоғары оқу орындарында магистратураның бір жылдық және екі жылдық бағдарламасы шеңберінде өз біліктілігін мақсатты түрде көтеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама туралы жан-жақты ақпаратты Сіз осыннан таба аласыз.

Бағдарламаға магистратураның кейбір бағдарламалары қатысады. Толығырақ ағылшын тіліндегі ақпараттық қосымшада.

/imperia/md/content/informationszentren/ic-almaty/epos_2015.pdf

Берілген бағдарлама бойынша құжаттар тікелей университеттерде қарастырылады.

Конкурсқа қатысу шарттары:

  • Аяқталған жоғары білім (маман / бакалавр)

  • 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

  • Жас шектеулігі: өтініш беру мезетінде 36 жастан үлкен емес болуы. Ерекшелік: докторантура және «Халықаралық маркетинг» оқу курсы, жас шектеулігі – 32 жасқа дейін.

  • Ағылшын тілін жақсы білуі (TOEFL 550P), қосымша неміс тілін білгені жақсы. Неміс тілін жеткіліксіз білетін стипендиаттарға оқу бастамас бұрын тіл үйрену курсы жүргізіледі.

Қажетті құжаттар: 3 данамен 31 тамызға дейін Алматыдағы DAAD өкілдігіне немесе 15 қазанға дейін тікелей неміс университетіне ұсынылады.

  1. фотосуреті бар өтініш;

  2. өмірбаян (келесі үлгіні қолдануы дұрыс)

  3. уәждеу хат;

  4. зерттеу жоспары (университет талабы бойынша);

  5. қазақстандық университет профессорының ұсыным хаты (өз қолы, күні қойылған және университеттің мөрімен куәландырылған);

  6. жұмыс берушінің ұсыным хаты (өз қолы, күні қойылған және университеттің мөрімен куәландырылған);

  7. жұмыс орнынан растау, қайта оралғаннан кейін мүмкіндігінше жұмыс орнының сақталуы туралы кепілдігімен;

  8. TOEFL немесе IELTS (неміс тілін білуін растау қажет болғанда);

  9. жоғары білімі туралы дипломның куәландырылған аудармасымен бірге куәландырылған көшірмесі;

  10. академиялық дәрежесі туралы құжаттың куәландырылған аудармасымен бірге куәландырылған көшірмесі (бар болса);

Құжаттардың әрбір данасы көрсетілген тәртіппен берілуі тиіс. Құжаттар жиынтығының үстінде түпнұсқалар данасы жатуы тиіс (өтініштің қол қойылған формуляры, түпнұсқалық мөрлермен расталған көшірмелер, түпнұсқалық мөрлермен расталған аудармалар. Екінші және үшінші даналар көшірмелер болуы мүмкін.

Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінде өтініштер көп көшірілетіндіктен құжаттар жиынтығы папкаларсыз және файлдарсыз, қыстырмалар мен степлермен бекітілмей (нотариалды расталып, бекітілгенн көшірмелер мен аудармалардан басқа) ұсынылуы тиіс.

Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қарастырылмайды.