Жас зерттеушілерге арналған ғылыми жұмыс стипендиялары( қысқа мерзімге бағытталған ғылыми зерттеулер және PhD)

Home

Жас зерттеушілерге арналған ғылыми жұмыс стипендиялары( қысқа мерзімге бағытталған ғылыми зерттеулер және PhD)

Жас ғалымдарға арналған зерттеу шәкіртақылары

Сипаттама:

· Шәкіртақы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін Германия университеттерінің бірінде немесе ғылыми-зерттеу орталықтарында тағайындалады.

· Зерттеу шәкіртақы қысқа мерзімді – 1 айдан 6 айға дейін және ұзақ мерзімді – 12 айға дейін болады.

Назар аударыңыз!

Машықтану ұзақтығы ізденушінің көрсеткеніндей іріктеу комиссиясының шешімімен өзгертілуі мүмкін.

 

  • Сондай-ақ диплом қорғауға да шәкіртақы қаралады. Егер осындай шәкіртақы тағайындалса, ондай шәкіртақы 1 жылға ұзартылып беріледі. PhD  шәкіртақының барынша ұзартылған мерзімі 3 жылды құрайды.

 Ғылым басшы іздестіру үшін немесе құрылым бағдарламамен докторанттарды оқыту үшін келесі сілтемелерді пайдалануды ұсынамыз:

https://www.daad.de/deutschland/promotion/de/
www.phdgermany.de

www.research-in-germany.de

Шәкіртақы мөлшері:

Стипендиаттың статусына байланысты шәкіртақы сомасы 750 еуродан 1000 еуроны құрайды.

Конкурсқа қатысу шаралары:

  • Конкурсқа тек ЖОО-нда техникалық мамандықтар бойынша дипломы бар түлектер немесе магистр дипломын алғандар, сонымен қатар ғылым докторларымен ғылым кандидаттары қатыса алады. Диплом мерзімі құжат тапсыру кезінде 6 жылдан аспауы керек;
  • Медиктерге ғылыми біліктілігін көтеруге мүмкіндіктер ғана қаралған, бірақ Германияда ординатурадан өте алмайды. Медиктерге конкурсқа қатысу үшін ең аз дегенде 7 жылдық жоғары білім болуы қажет. Медиктер үшін қосымша шаттар осында жарияланған.
  • Шет тілін білу: гуманитарлық мамандықтар бойынша ізденушілер, экономистер, заңгерлер, социологтар, сондай-ақ Германияда пациенттермен жұмыс істеуді жоспарлаған медиктер неміс тілін жақсы меңгерулері тиіс.

Табиғи-ғылым және инженерлік мамандықтар бойынша ағылшын тілін жақсы білетін өкілдер өтінімдерін ағылшын тілінде тапсыруына болады, егер шақырған мекемеде жұмыс тілі ағылшын тілі болса. Осы топтағы ізденушілердің неміс тілін базалық деңгейде білулері жақсы болар еді. Іріктеу комиссия шешімімен кейбір стипендиаттарға Германияға келгендеріне 7 айдан асқан тағылымдамадан өту алдында ұзақтығы 2 ай болатын ақысыз неміс тілінен курстарға қатысу міндетті түрде жүктеледі. Курсқа қатысқанын растайтын тіл білімі туралы сертификаты болуы тиіс.

 

  • Конкурсқа қатысудың міндетті шарты зерттеу жобасына ғылыми басшы болуға келісім берудегі неміс профессорының шақыруы. Өтінім, мұндай шақырым қағазы болмаса, қаралмайды.
  • Конкурсқа қатысу үшін бір кездері «Жас ғалымдарға арналған зерттеу шәкіртақысы» атты DAAD бағдарламасы бойынша айтылған шәкіртақы тағайындалған уақыттан бастап 3 жыл өткеннен кейін ғана ізденушілерге құжаттарын тапсыруға мүмкіндіктер бар.

 

Көңіл бөліңіздер: қужаттар тапсыру жаңа ережелері!

2013 жылдың 15 шілдесінен бастап жас ғалымдарға арналған стипендиялық бағдарлама бойынша құжат тапсыру түгелдей жаңа онлайн-платформасына көшіріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін онлайн жүйесіне тіркелу қажет:

- Келесі сілтемеге көшіп мамандығыңызды, еліңізді, мәртебеңізді көрсетіңіз;

- іздестіру нәтижесі бойынша DAAD: Forschungsstipendien fuer Doktoranden und Nachwuchswissenschaftler немесе DAAD: Research Grants for Doctoral Candidates and Young Academics and Scientists бағдарламасын таңдаңыз;

- танысудан кейін DAAD порталында тіркеліңіз;

- тіркелгеннен кейін профайлыңызға кіру үшін Сіздің электрондық поштаңызға логин және құпия сөз жіберіледі, ары қарай жүйенің нұсқаларымен қолданыңыз;

- сауалнаманы көшіріп алып, оны оффлайн тәртібінде толтыра аласыз, сонан соң өзіңіздің профайлыңызға жібересіз;

- төмендегі тізілген барлық құжаттарды көрсетілген уақытқа дейін толтырып өтінімді жіберіңіз;

- өтінімді (барлық құжаттарды) қағаз түрінде DAAD Мәлімет Беру Орталығына ұсыныс хаттармен бірге әкеліңіз

Құжаттардың тізімі және реті (немісше немее ағылшын тілінде, зерттеу тіліне байланысты)

 

PDF форматында көшіріп порталда сақтаңыз:

1. Өтінім (сауалнама онлайн тәртібінде толтырылады)

2. Өмірбаян

3. Жариялау тізімі (бар болса)

4. Жоба бойынша жұмыстың күнтізбелік жоспары

5. зерттеушінің өзі дайындаған және немістің ғылыми басшысымен келісілген зерттеу жобасының нақты сипаттамасы. Жобаны сипаттауда ізденушінің жүргізген ғылыми жұмысының негізгі аспектілері, міндеттерімен зерттеу әдістері, сондай-ақ, ізденушінің Германияда жүзеге асыратын жұмысының егжей-текжейлі қамтылып көрсетілуі тиіс.

6. неміс профессорының шақыртуы белгіленген мерзімге нақты зерттеу жобасына ғылыми басшылыққа келісім растайтын және ізденушінің жоба жұмысына керекті жағдай жасауына кепілдік береді. ЖОО – нда орнатылған байланысты растау;

7. білімі туралы куәліктің көшірмесі және олардың неміс немесе ағылшын тіліндегі аудармасы:

Қужаттарды онлайн тәртібімен тапсырғаннан кейін Сізге міндетті түрде жоғарыда көрсетілген қужаттарды әр мамандықтың ұстаздарының жеке қолдары қойылып және ЖОО ның мөрі басылған ә ұсыныс хаттарымен конвертке салып жабу керек (ұсыныс хаттың формуляры DAAD порталынан алынуы тиіс).

Құжаттарды папкаларсыз, файлдарсыз, қыстырмаларсыз немесе степлермен қыстырылмаған түрінде өткізу қажет.

Егер талап етілген құжаттардың ішінен әйтеуір бір құжат жоқ болса, онда өтінім қаралмайды.

Көрсетілген талаптарға сәйкес емес немесе электрондық поштамен жіберілген құжаттар қаралмайды.

Құжаттарды 2014 жылдың 31 қазанына дейін:

  • өз бетімен Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс Университетінің ғимаратында орналасқан мекен- жайы: Пушкин көшесі, 111/113, 18 каб. DAAD офисіне тапсыру болады, немесе
  • Пошта қызметі арқылы мекен- жайы: Алматы қаласы, Иванилова көшесі 2, 050059 Германия Бас Консулдығына DAAD үшін деген белгімен жіберуге болады.