Студенттық топтарға арналған таныстыру сапары

Home

Студенттық топтарға арналған таныстыру сапары

Таныстыру сапарының мақсаты – неміс студенттерімен және ғалымдарымен кездесулер өткізу, ЖОО –мен байланыс орнату, қызығушылық танытатын ұйымдармен және мекемелермен, кәсибі көзқарас, сондай-ақ, Германия туралы елтану білім алу.

Назар аударыңыз! Бағдарламаның елтану бөлігіндегі топтардың мекендеуі жоспарланған сапар ұзақтыгының үштен бірін ғана құрауы керек!

Ұзақтығы:

  • 7 – 12 күн

Шәкірақыға кіретін:

  • Тамақтану және тұру шығындары;
  • Медициналық сақтандыру күәлігі;
  • Визалық қолдау.

 

Назар аударыңыз! Халықаралық көлік шығысын (Германияға ұшақпен ұшып бару және кері қайту) сапарға қатысушылар өздері төлейді!

Конкурсқа қатысу шарттары:

  • Топты алып жүретін бір оқытушының басшылығындағы барлық мамандықтар бойынша 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы курстардың студенттері. Топтың саны, оқытушыны санамағанда, 10-нан 15 қатысушыға дейін құрауы керек.
  • Ағылшын немесе неміс тілін өте жақсы білу.

Өтінім тапсыру тәртібі:

  • Барлық ұйымдастыру мәселерін – маршрутты әзірлеуден бастап, байланыс орнату, немістер жағынан растау алу, билеттерді және қонақ үйде орын брондауға дейін –оқытушы мен конкурсқа қатысуды жоспарлайтын студенттер өз күштерімен шешеді!
  • Өтінім беру және топты алып жүруді тек ЖОО-ның окытушысы ғана жүзеге асырады.
  • Бір факультеттің немесе ЖОО-ның басқа бөлімшесінің студентік топтың таныстыру сапарына шәкіртақы алғандарына 2 жыл өткеннен кейін қайтадан қаржыландыру алуға мүмкіндік туады.

 

Қажетті құжаттар:

  • Сауалнама (Online толтырылады)
  • Қатысушылар тізімі;

 

  • бір мамандық бойынша жоспарлап қойылған танысу сапарының студенттерге қажеттілігін толық негіздеу;
  • топтың Германияда болуының толық бағдарламасына кіретіндер нақты ЖОО-на бару, ұйымдармен, фирмалармен, маңызды кәсибі көзқарас орнату, сондай-ақ, мәдени және басқа да мекемелерден Германия туралы елтану білім алу;
  • Германия қалаларына (5-6 қаладан көп емес) күндеп сапарға шығудың кесте нысаны бойынша жасалған күнтізбелік жоспары;
  • Топты сапарға дайындауға қарастырылған іс-шаралары (дайындау семинарларын өткізу және т.б.);
  • Көрсетілген мерзімге топтарды қабылдауға неміс мекемелерінің, әсіресе неміс ЖОО-дарының келісімі; келісімді растайтын құжатты факспен немесе электрондық пошта арқылы жіберген жеткілікті.

Өтінім беру мерзімі:

01.09.2014 кейінгі сапарларға  01.05.2014 дейін (комиссия шешімі 2014 жылдың шілдесінде)

01.03.2015 кейінгі сапарларға  01.11.2014 дейін (комиссия шешімі 2015 жылдың қаңтарында)

01.06.2015 кейінгі сапарларға  01.02.2015 дейін (комиссия шешімі 2015 жылдың сәуірінде)