Неміс тілін тереңдетіп оқытатын мектеп бітірішулерге арналған DAAD/PASH программасы

Home

Неміс тілін тереңдетіп оқытатын мектеп бітірішулерге арналған DAAD/PASH программасы

Бағдарламаның мақсаты:

Шәкіртақы 2014 жылы мектеп бітіретін DSD C1 үлгісіндегі тіл туралы дипломы бар және ZfA өкілдерімен ұсынған түлектерге арналған.

Шәкіртақы ЖОО-ның дайындық курстарында (Studienkolleg) оқып, ары қарай Германияның университетінде білім алу мақсатына беріледі.

Германияның университетінде білім алу мақсатына беріледі (бакалавр, маман дипломы)

 

Шәкіртақыға кіретін :

·  оқу (бір семинарға барынша 500 еуро)

· сонда тұру (бір айға 650 еуро)

· көлік шығыны

· медициналық сақтандыру

Мамандықтар:

барлық

Қосымша талаптар:

· TestAS (Бағдарламаның барлық ізденушілері тестіден өтуге тіркелген қажет! Тестіге тіркелмегендердің құжаттары қаралмайды. Тіркелгендігін растайтын қағазды құжаттарға қосу қажет.)

- сынақтама өту күні – 2014 жылдың 26 ақпаны, сынақтамаға тіркелу 2013 жылдың 20 қарашасынан 2014 жылдың 20 қаңтарына дейін;

- сынақтама өту орны – Қазақстан-Неміс Университеті (Алматы), Гёте Институтының Тіл Орталығы (Карағанда)

Шәкіртақыға өтінім бере алмайтындар:

· егер үміткер Германияның университетінде оқитын болса немесе бітірген болса;

· егер үміткер Германияның ЖОО-нда көбінесе ағылшын тілінде оқуды жоспарласа (немісше 50 % -дан кем)

Сонымен қатар бағдарламаға байланысты қажет етілетін:

- Германияның  Studienkolleg курстарына қабылданғанын растау;

- немесе/және үміткердің 2014-2015 жылдардың қысқы семестрне шарт бойынша сәйкес келуі туралы Германия университетінің жазбаша түрде растауы.

Құжаттарды тапсыру:

Екі пакеттегі құжаттар көрсетілген тәртіп бойынша қойылуы керек, мұқабаларсыз әлде файлдарсыз, қыстырмалар немесе степлермен қыстырылмаған (нотариалды түрде куәландырылған және қыстырылған көшірмелер мен олардың аудармаларын қоспағанда). Бірінші құжаттар жиынтығы – түпнұсқа, екінші жиынтық біріншінің жай ғана көшірмесі болуы мүмкін.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2014 жылдың әқ қаңтарына дейін.

 

Конкурстық іріктеу:

Өз бетімен құжат тапсыратын үміткерлер өтініштерін DAAD аймақтық өкілдігіне жібереді: 050059 Алматы, Иванилов көшесі 2, ГФР Бас консульствосы, мәдениет бөлімі, DAAD

үшін.

Содан кейін үміткерлер Алматыдағы DAAD аймақтық өкілдігіне сөйлесуге шақырылады. Басқа қалалардан келген үміткерлерге жол шығындары төленеді.

Қорытынды іріктеуді университеттер оқытушыларынан құралған Бонн қаласындағы комиссия өткізеді. Іріктеудің шешуші шарттары:

· үміткердің жеке және кәсіби қасиеттері

· мектепте / қазақстандық университетте үздік оқуы

· неміс тілін жақсы білуі

· TestAS пен TestDaF нәтижелері

Стипендия бойынша ақпарат:

Алматыдағы DAAD ақпараттық бюросы

info@daad.kz

+7 727 293 90 35

Пушкин көшесі 111/113