Архитектрлармен және шығармашылықмамандықтарға арналған дипломнан кейінгі оқү стипендиясы

Home

Архитектрлармен және шығармашылықмамандықтарға арналған дипломнан кейінгі оқү стипендиясы

Шәкіртақы қазақстанның жоғары оқу орындарын шығармашылық мамандықтар бойынша бітірген түлектерге Германияның жоғары оқу орындарының бірінде мынандай мүмкіншіліктер береді:

  • шеберлігін жоғарлату мақсатында тағылымдамадан өтуге немесе
  • магистр дәрежесендегі диплом алуына.

 

Шеберлігін жоғарту мақсатында өтетін тағылымдама үшін берілетін шәкіртақының ұзақтығы ережеге сәйкес бір оқу жылынан аспауы тиіс. Стипендиаттың өтініші бойынша шәкіртақы мерзімін ұзарту тек ерекше жағдайда мүмкін болады. Шәкіртақының ұзақтығы диплом алу немесе магистр дәрежесіндегі диплом алу мақсатында таңдалған оқу курсы бойынша тек қана 10 айдан 24 айға созылады.

Бастапқыда шәкіртақы 1 оқу жылана тағайындалады. Егер бірінші оқу жыланда стипендиат жақсы көрсеткіштерге қол жеткізсе, мұндай жағдайда шәкіртақысын оқу жылының аяғына дейін өзінің таңдаған оқу курсына байланысты бір оқу жылынан аспайтын тағы  да бір оқу жылына стипендиаттың өтініші бойынша ұзартылады.

 

  • Қазақстанда мамандығын жоғарылатуға барлық мүмкіншіліктерді пайдаланған жағдайда ғана шәкіртақы алыуна мүмкіндік туады.
  • Ізденушілер құжаттарды тапсыру кезінде Германияда 1 жылдан аса уақыт болса онда оларға конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді.

 

Тіл білімі бойынша:

Ізденушілер актерлік шеберлік және режиссура мамандықтары бойынша неміс тілін өте жақсы деңгейде меңгерулері керек. Басқа мамандықтар бойынша ізденушілер неміс тілінің негізін және ағылшын тілін жақсы білуі шарт.

Тіл білімін сертификатпен растау қажет (көбінесе неміс тілі үшін  OnDaF, TestDaF, DSH; ағылшын тілі үшін TOEFL немесе IELTS).

 

Өтінім тапсыру тәртібі:

Қужаттар 3 данада ағылшын және неміс тілдерінде тапсырылады. Әрбір құжаттар топтамасы көрсетілген тәртіп бойынша жатқызылады. Бірінші топтамада – қол және мөр қойылған құжаттардың түпнұсқалары.