Ғалымдармен алмасу

Home

Ғалымдармен алмасу

Оқытушылар мен ғалымдардың ғылыми машықтанулар

Жеке жобаларын зерттеуді жүзеге асыру  үшін машықтанудан өту мақсатында мемлекеттік аккредитациясы бар ЖОО-ның бірінде немесе Германияның университетінен тыс ғылыми зерттеу орталықтарында шәкіртақы арнайы тағайындалады.

Тәжірибеден өту ұзақтығы ізденушінің жұмыс жоспарына сәйкес зерттеу жобасына байланысты барынша 1 айдан  3 айға созылуы мүмкін. Тәжірибенің басталуы 2015 жылдың 1 шілдесінен ерте болмауы мүмкін, аяқталуы – 2016 жылдың 1 қаңтарынан аспауы керек.

Конкурсқа қатусудың шарттары:

  • Барлық мамандықтар бойынша ғалымдар мен оқытушылар ережеге сәйкес ғылыми дәрежелері бар деген ғылым кандидаттары Қазақстанның ЖОО-н немесе ғылыми-зерттеу мекемелерінде жұмыс істейтіндер.
  •  Неміс профессорының зерттеуді жүргізудің уақыты көрсетілген шақыртуы.
  • Ізденушілерге бір кездері «ЖОО-ң ғалымдары мен оқытушыларының ғылыми тәжірибелері» атты DAAD бағдарламасы бойынша DAAD шәкіртақысына ие болғандарына   3 жыл өткеннен ғана конкурсқа қатысу үшін құжаттарын тапсыруларына мүмкіндіктері бар.
  • Александра фон Гумбольдт атындағы фондының бұрынғы стипендиаттарына алдымен осы фондыға бару керек.

Шәкіртақының мөлшері:

Қазақстанның ЖОО немесе ғылыми-зерттеу мекемелері стипендиаттардың шәкіртақы сомасы ғылыми дәрежесіне, атағына және қызметіне байланысты 1 айда 2000 -2300 еуро құрайды, сондай-ақ көлік шығындары да төленеді.

Тіл білімі және оны бағалау

Ізденушілердің ағылшын және неміс тілдерін неміс әріптестерімен тілдесу үшін қажет деңгейінде білулері жеткілікті. Тіл білімін растайтын сертификаттың болуы керек етілмейді.

Өтінімді тапсыру тәртібі:

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді неміс немесе ағылшын тілдерінде және құжаттардың 3 бірдей жинағын тапсыру керек (барлық кейінгі даналары бірінші құжаттар жинағының көшірмелері). Құжаттар әрбір жинақта келесі рет бойынша болуы қажет:

  1. Фотосурет жапсырылған өтінім;
  2. Өмірбаян (CV);
  3. Соңғы 3-4 жылдағы ғылыми басылымдарының тізімі.

Назар аударыңыз! Ізденушінің зерттеу жобасына байланысты жарияланымдары тізімде болғаны конкурсқа қатысудың бөлінбейтін шарттарының бірі болып табылады.

  1. Германияға келудің қажеттілігінің негіздемесі бар және неміс әріптестерімен келісілген ғылыми жобаны толық сипаттау
  2. Жұмыс жасап жатқан жобаның күнтізбелік жоспары;
  3. Неміс әріптестерінен алынған шақырту

Назар аударыңыз! Шақыру-хат ЖОО бланкісінде дайындалып, ізденушінің неміс әріптестерінің қолы қойылуы тиіс. Шақырі-хат мәтінінде ізденушіні қабылдауы айқын және оған зерттеу жобасының орындалыуна жоба шарты бойынша керекті көмек жасау анық көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа хаттың мәтіні бойынша неміс әріптестері тақырыппен және ғылыми жобаның мазмұнымен, жобаның орындалуын жүзеге асыру жоспарымен танысқаны және жұмыс кезінде ешқандай кедергінің болмайтыны көрсетілуі тиіс (мысалы, жоба жұмысына тіл білімінің жетіспеушілігі). Өтініш жинағында шақыру түпнұскасы, факс көшірмесі, сондай-ақ сканирленген және ізденушінің электрондық поштасына жіберілген шақырудың басылған версиясы қабылданады. 

  1. Ізденушінің ғылыми дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі

Құжаттарды папкаларсыз, файлдарсыз, қыстырмаларсыз немесе степлермен қыстырылмаған түрінде өткізу қажет.

Құжаттарды 2014 жылдың 31 қазанына дейін:

  • өз бетімен Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс Университетінің ғимаратында орналасқан мекен- жайы: Пушкин көшесі, 111/113, 18 каб. DAAD офисіне тапсыру болады, немесе
  • Пошта қызметі арқылы мекен- жайы: Алматы қаласы, Иванилова көшесі 2, 050059 Германия Бас Консулдығына DAAD үшін деген белгімен жіберуге болады.

Өтініштер қарастыру нәтижесі туралы ізденушілер 2015 жылдың сәуір айында хабар алады. Об итогах рассмотрения заявок все соискатели будут проинформированы в апреле 2015 года.