DAAD бір жылдық стипендиясына қатысушыларға арналған қайта қатысу стипендиясы

Home

DAAD бір жылдық стипендиясына қатысушыларға арналған қайта қатысу стипендиясы

Шәкіртақы машықтанудан өту үшін неміс әріптестерімен байланысты нығайту мен күшейту мақсатында мемлекеттік аккредитациясы бар/мемлекеттік ЖОО – ң бірінде немесе Германияның университеттен тыс ғылыми-зерттеу орталықтарына арналған. Шәкіртақы зерттеу жобаларына қолдау көрсетіледі деп жорамалданы, сондай-ақ ізденушілердің жобаларына қолдау көрсету тек ғылым мен білім саласындағы ғана еңбек етушілерге емес, шарт бойынша жобаның мәліметтерінде:

  • өз мақсаттары деп кәсіптік біліктілітерін жоғарлату немесе ортақ басылымдарын шығару;
  • неміс әріптестерімен және серіктестіктер мен экономика, басқару, мәдениет және ақпараттық құрау өкілдерімен қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.

Машықтанудан өтудің ұзақтығы ізденуші жобасының тапсырылған жұмыс жоспарына байланысты 1 айдан барынша 3 айды құрайды.

Шәкіртақының құрамына кіретіндер:

  • ассистенттер мен жас доценттерге айына 2000 еуро, профессорларға 2100 еуро
  • көлік шығынын төлеу
  • визалық қолдау

Конкурсқа қатысу шарттары:

  • DAAD – ның бұрынғы жылдық стипендиаттары Германияда аз дегенде 7-10 айлық машықтанудан DAAD бағдарламасы бойынша 3 жыл бұрын өткендер, сондай-ақ Германияда 1 жылдан аз емес мерзімде оқыған тұлғалар.
  • Конкурсқа қатысу үшін ізденушілерге құжаттарын тапсыруға мүмкіншіліңтері бар, егер ізденішулер «DAAD – ның бұрынғы жылдық стипендиаттары» DAAD бағдарламасы бойынша бұрын стипендиат атанғанына 3 жылдан асқан болса ғана!
  • Іріктеу кезеңінде ізденуші соңғы 3 жылда Германияда ұзақ уақыт ғылыми машықтанудан өтпеген болса, онда оған артықшылық беріледі.

Тіл білімі және оны бағалау

Ізденушілердің ағылшын және неміс тілдерін неміс әріптестерімен тілдесу үшін қажет деңгейінде білулері жеткілікті. Тіл білімін растайтын сертификаттың болуы керек етілмейді.

Өтінімді тапсыру тәртібі:

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді неміс немесе ағылшын тілдерінде және құжаттардың 3 бірдей жинағын тапсыру керек (барлық кейінгі даналары бірінші құжаттар жинағының көшірмелері). Құжаттар әрбір жинақта келесі рет бойынша болуы қажет:

  1. Фотосурет жапсырылған өтінім;
  2. Өмірбаян (CV);
  3. Соңғы 3-4 жылдағы ғылыми басылымдарының тізімі.

Назар аударыңыз! Ізденушінің зерттеу жобасына байланысты жарияланымдары тізімде болғаны конкурсқа қатысудың бөлінбейтін шарттарының бірі болып табылады.

  1. Германияға келудің қажеттілігінің негіздемесі бар және неміс әріптестерімен келісілген ғылыми жобаны толық сипаттау
  2. Жұмыс жасап жатқан жобаның күнтізбелік жоспары;
  3. Неміс әріптестерінен алынған шақырту

Назар аударыңыз! Шақыру-хат ЖОО бланкісінде дайындалып, ізденушінің неміс әріптестерінің қолы қойылуы тиіс. Шақырі-хат мәтінінде ізденушіні қабылдауы айқын және оған зерттеу жобасының орындалыуна жоба шарты бойынша керекті көмек жасау анық көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа хаттың мәтіні бойынша неміс әріптестері тақырыппен және ғылыми жобаның мазмұнымен, жобаның орындалуын жүзеге асыру жоспарымен танысқаны және жұмыс кезінде ешқандай кедергінің болмайтыны көрсетілуі тиіс (мысалы, жоба жұмысына тіл білімінің жетіспеушілігі). Өтініш жинағында шақыру түпнұскасы, факс көшірмесі, сондай-ақ сканирленген және ізденушінің электрондық поштасына жіберілген шақырудың басылған версиясы қабылданады. 

  1. Өткен жері мен ұзақтығы көрсетілген Германияда өткен машықтанулар тізімі

Құжаттарды папкаларсыз, файлдарсыз, қыстырмаларсыз немесе степлермен қыстырылмаған түрінде өткізу қажет.

Құжаттарды 2014 жылдың 31 қазанына дейін:

  • өз бетімен Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс Университетінің ғимаратында орналасқан мекен- жайы: Пушкин көшесі, 111/113, 18 каб. DAAD офисіне тапсыру болады, немесе
  • Пошта қызметі арқылы мекен- жайы: Алматы қаласы, Иванилова көшесі 2, 050059 Германия Бас Консулдығына DAAD үшін деген белгімен жіберуге болады.

Өтініштер қарастыру нәтижесі туралы ізденушілер 2015 жылдың сәуір айында хабар алады.