ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ГЕРМАНИЯ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСУ ЖОЛДАРЫ

Германия жоғары оқу орындарына қабылдану үшін қойылатын талаптар жөнінде жалпы ақпарат біздің негізгі сайтта жарияланған. Германияда оқу бойынша Қазақстан азаматтарына арналған ақпарат  төменде берілген.

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасындағы білім беру жүйесіндегі айырмашылыққа байланысты, қазақстандық мектептер, лицейлер, колледждердің орта немесе арнайы орта білім жөнінде құжаттары бар түлектері Германия университеттерінде жоғары білім алу үшін (оның ішінде бакалавриат бағдарламаларына) тікелей қабылдана алмайды.

Назарбаев Зияткерлік Мектептері (НЗМ)

Техникалық, жаратылыстану, математика, медицина, спорт және тілдер саласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің (НЗМ) түлектері оқуын аяқтағаннан кейін неміс жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламаларына бірден (НЗМ және ФРГ мәдениет және білім министрлер конференциясының арасындағы арнайы келісім негізінде) қабылдана алады.

Қазақстандағы орта білімнен кейін Германия университеттеріне түсу келесі жолдардың бірі арқылы мүмкін (сызбаны қараңыз):

  1. Егер Сіз В1 деңгейінде неміс тілін білетін болсаңыз (TestDaF тілдік куәлігі немесе Гете сертификатымен дәлелденген), Сіз Studienkolleg-ке оқуға түсуге өтініш бере аласыз. Studienkolleg - неміс жоғары оқу орындарына тікелей қабылданбайтын халықаралық студенттерге арналған университетке дейінгі курстар ұсынатын Германиядағы білім беру мекемесі. Мұндай мекемелер мемлекеттік (оларда оқыту, әдетте, ақысыз негізде болады) және жеке (бір жылдық оқыту 6000-нан 20000 еуроға дейін болады) болуы мүмкін. Studienkolleg-та оқу неміс тілінде бір оқу жылы (2 семестр) бойына созылады. Болашақта таңдалған мамандыққа байланысты, Studienkolleg-ке түсу кезінде Сіз белгілі бір курсты таңдайсыз:

T-Kurs – техникалық курс (инженерлік мамандықтарға оқуға түсу үшін). Курс бағдарламасы физика, математика, химия (кейде информатика) пәндерін неміс тілінде оқуды қамтиды;

W-Kurs – экономикалық курс (экономика мамандықтарына түсу үшін). Курс бағдарламасы математика және экономика пәндерін неміс тілінде оқуды қамтиды;

M-Kurs – медициналық курс (медицина мамандықтарына түсу үшін). Курс бағдарламасы математика, физика, биология пәндерін неміс тілінде оқуды қамтиды;

G-Kurs – гуманитарлық курс (гуманитарлық мамандықтарға түсу үшін). Курс бағдарламасы әдебиет, тарих, әлеуметтану  пәндерін неміс тілінде оқуды қамтиды;

Studienkolleg-ты сәтті аяқтаған кезде, Сізге Studienkolleg орналасқан федеративті жер университеттеріне оқуға түсу құқығын беретін сертификат табысталады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі интернет-ресурстарды пайдалануды ұсынамыз:

www.studienkolleg.com

www.studienkollegs.de

  1. Егер Сіз неміс тілін жеткілікті деңгейде меңгермеген болмасаңыз (сонымен қатар Сіз ағылшын тілінде оқығыңыз келсе), сіз Германияда аккредиттелген Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсіп, бірінші курсты аяқтауыңызға болады. Содан кейін Сіз неміс университеттеріне бакалавриат бағдарламаларына тікелей түсуге өтініш бере аласыз (Studienkolleg-те оқу қажет емес). Германиядағы қазақстандық жоғары оқу орындарын аккредиттеу туралы барлық ақпарат www.anabin.kmk.org сайтында жарияланған.
  2. Германияда жоғары білім алу мүмкіндіктерінің бірі - жоғары оқу орнына дейінгі дайындық беретін коммерциялық курстар. Қосымша мүмкіндік ретінде Аахен және Бремен университеттерінің ұсыныстарын қарастыра аласыз:

Freshman Program – FH Aachen

Foundation Year – Jacobs University Bremen

Неміс жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерінің сызбалық көрінісімен танысыңыз.

HSBerechtigung_KAS