Forscherin arbeitet mit Schutzbrille im Labor.

Германия шетелдік докторанттар және ғалымдар үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге тамаша мүмкіндіктер ұсынады. Университеттер, жоғары оқу орындары, мемлекеттік және жеке ғылыми-зерттеу мекемелері, сонымен қатар Неміс зерттеу қоры (DFG) және Академиялық алмасу қызметі (DAAD) сияқты ірі ғылыми қаржыландыру ұйымдары ғалымдарға жұмыс орнымен немесе стипендиямен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетеді. Ғылыми зерттеумен қарқынды айналысатын өнеркәсіп және шағын кәсіпорындарда да шетелдік ғалымдар үшін қызықты зерттеу мүмкіндіктері бар. Көптеген кәсіпорындар қолданбалы зерттеулер бойынша университеттер және ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз жұмыс жасайды.