Studierender lernt in der Bibliothek.

Неміс тілі - әлемдегі ең кең таралған он тілдің бірі. Ол тілде шамамен 185 миллион адам сөйлейді. Әрине, Сіз Германияда неміс тілін білмей-ақ оқи аласыз. Бірақ тілдік дағдылармен Сіздің күнделікті өміріңіз әлдеқайда жеңілдейді және Сіз жаңа адамдармен тезірек танысасыз. Оған қоса, бұл Сіздің түйіндемеңіз үшін үлкен артықшылық. Неміс тілі қарапайым тіл емес, бірақ неміс тілін үйренудің тілдік курстар, тандем серіктестер немесе жатақханадағы неміс көршілер арқылы сияқты көптеген жолдары бар.