Skyline of Nur-Sultan, Kazakhstan

Неміс тілін үйрену тұрарлық іс. Болашаққа деген қандай да бір жоспарыңыз болса, неміс тілі сізге көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.

Гёте-Институт дүние жүзінің барлық елдерінде орын тепкен Германия Федеративтік Республикасының Мәдениет Институты.  Біз шетелдегі неміс тілін оқыту ісіне және халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қолдау көрсетеміз.

ТІЛ. МӘДЕНИЕТ. ГЕРМАНИЯ.

Гёте-Институт дүние жүзінің барлық елдерінде орын тепкен Германия Федеративтік Республикасының Мәдениет Институты. Біз шетелдегі неміс тілін оқыту ісіне және халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қолдау көрсетеміз.

ҚАЗАҚСТАН ГЁТЕ-ИНСТИТУТЫ

Қазақстан Гёте-Институты шетелде неміс мәдениетін насихаттау мен мәдениет аралық тәжірибе алмастыру мақсатымен алуан түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып тұрады.

Біздің тіл бөліміндегі жұмыстарымызды неміс тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы мұғалімдер мен оқытушыларға арналған Workshop-тар мен семинарлар және емтихандар толықтыра түседі. Сонымен қатар біз түрлі деңгейдегі тіл курстарын ұсынамыз.

Қазақстан Гёте-Институтының информация орталығы Германиядағы мәдени, қоғамдық және саяси өмірдің өзекті жақтары туралы ақпараттар береді. Мұндағы кең қорда Германияны қызықтаушыларға, неміс тілін оқушылар мен оқытушыларға қажет материалдар бар.