Studierende auf dem Gang einer Hochschule.

Неміс жоғары оқу орындары басқа елдердің көптеген жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Бұл ынтымақтастық туралы келісімдер студенттер мен профессорлардың академиялық алмасуына, сонымен қатар бірлескен ғылыми жобалардың жүзеге асуына ықпал етеді. Осыған қарамастан, қазіргі уақытта әртүрлі ғылыми салалардағы жаңа ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

Неміс университеттері: Ынтымақтастық бойынша сенімді серіктестер

Германия - әлемдегі ең тартымды оқу орындарының бірі. Неміс жоғары оқу орындары өздерінің инновациялық әлеуеті, бай дәстүрлері және интернационализацияға көп мән беруі арқасында танылған серіктестер болып табылады

Неміс жоғары білім беру жүйесі өте алуан түрлі. Жоғары оқу орындарының үш түрі бар: университеттер мен қолданбалы ғылымдар университеттері, өнер және музыка жоғары оқу орындары. Жоғары оқу орындарының көпшілігі мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылады және федералды жерлердің бақылауында қызмет етеді. Қосымша ақпаратты Hochschulkompass.de порталында алуға болады (тек ағылшын тілінде).

Неміс университеттерімен ынтымақтастық орнату үшін қадамдар.

1-қадам: шетелдік жоғары оқу орны тарапынан ынтымақтастық мақсаттарын анықтау.

Ынтымақтастықтың басында осы ынтымақтастыққа бағытталған мақсаттар қойылуы керек:

  • неміс және шетелдік мекеме арасындағы ортақ қызығушылықты ескере отырып, қатысушы кафедралар.
  • академиялық деңгей (студенттер, ғылыми-зерттеу және / немесе оқытушылық).
  • қалаған бағыттар, мысалы шетелдік ЖОО-да студенттердің / неміс зерттеушілерінің санын көбейту немесе керісінше, неміс университеттерінің онлайн платформаларын, бірлескен зерттеу жобаларын және т.б. қолдану арқылы оқу бағдарламаларын кеңейту.
  • Жоғары оқу орнымен орнатылған байланысқа негіз болып табылатын бағыттар (мысалы, орнатылған серіктестік, студенттер / зерттеушілер / оқытушылардың келуі немесе тұруы)
  • Ынтымақтастық жоспарланған кезең.

Қорытындылай келе, ынтымақтастықтың тартымды жобасын ұсыну үшін Сіз жұмыс жасағыңыз келетін әрбір жеке жоғары оқу орнымен мақсаттарды анықтау өте маңызды

2 қадам: Германиядағы ынтымақтастық серіктестерін анықтау

Ынтымақтастық бойынша серіктестер іздеу үшін әртүрлі мүмкіндіктер бар. Мысалы, ғылыми басылымдарда/журналдарда Сіз өзіңіздің салаңыздағы неміс зерттеушілерінің жарияланымдарын тауып, алғашқы байланыс орната аласыз. Сонымен қатар, Сіз өз мекемелеріңізде DAAD-ның бұрынғы стипендиаттарын немесе неміс жоғары оқу орындарының түлектерін іздестіріп, олардың Германиядағы ғалымдармен тікелей байланысын қолдана аласыз.

Тағы бір мүмкіндік - интернеттегі іздеу жүйелерін пайдалану. Мысалы:

  • Hochschulkompass (тек ағылшын тілінде): барлық мемлекеттік немесе мемлекет мойындаған жоғары оқу орындарындағы оқу, зерттеу және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы сілтемелер
  • Research Explorer (тек ағылшын тілінде): 23000-нан астам неміс жоғары оқу орныдары мен университеттен тыс ғылыми-зерттеу институттарын қамтитын Германияның ректорлар конференциясымен (HRK) бірлесе отырып Германия ғылыми-зерттеу қорының (DFG) және Германияның академиялық алмасу қызметінің (DAAD) ғылыми-зерттеу анықтамалығы,
  • Study in Germany (тек ағылшын тілінде) халықаралық студенттерге арналған оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат жарияланған DAAD және Федералды Білім және Зерттеу Министрлігі (BMBF) порталы.
  • Research in Germany: Германиядағы инновациялар мен зерттеулерді дамытуға арналған ақпарат. Германияның зерттеу жүйесі туралы және осы саладағы қаржыландырудың мүмкін болатын мүмкіндіктері туралы түсінік береді

3-қадам: Германия университеттерімен байланыс орнату

  1. Ынтымақтастық үшін қажетті халықаралық бюродағы жауапты тұлғаны, зерттеушілер / оқытушыларды немесе факультеттің деканын анықтаңыз.
  2. Сіздің мекеме сипатталған, неміс серіктеспен ынтымақтастыққа қызығушылығыңызды білдіретін және ынтымақтастықтың мақсаты көрсетілген ағылшын немесе неміс тілдеріндегі электрондық хаттың жобасын жазыңыз.
  3. Ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлау үшін байланысты үзбеңіз.

Қаржыландыру бағдарламаларын табу

DAAD неміс және шетелдік университеттер арасында жеке және институционалдық деңгейде  ынтымақтастық орнату және дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

Қосымша ақпаратты daad.de-Projektförderdatenbank сайтынан алуға болады